Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Алакөл көлінің жағалауына барды. Аймақ әкімінің орынбасары Марлен Қолбаевпен бірге ол туристік инфрақұрылымның дамуымен, қауіпсіздік шараларымен және курорттық аймақтың абаттандырылуымен танысты.
2025 жылы Алакөлдегі ішкі туристік ағын 382 мың адамды құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға көп. Шетелдік туристер саны 60%-ға өсіп, 8,2 мыңға жетті. Жағалауда 224 орналастыру нысаны жұмыс істейді, олар 21 мыңнан астам демалушыны қабылдай алады.
Электрмен қамтамасыз ету нысандарының құрылысы аяқталды. Ақши ауылында кәріз желілерін тарту, тазарту құрылыстарын салу, коммуналдық жағажайларды абаттандыру және Лепсі станциясының жаңа теміржол вокзалын салу жалғасуда.
Демалушылардың қауіпсіздігі үшін 40 құтқару мұнарасы, 13 шақырым буйлық желілер және жеті пирс орнатылған. Жағалауға қалдықтарға арналған контейнерлер, санитарлық нысандар және киім ауыстыру кабиналары қойылған. Полиция күн сайын тәртіпті қадағалайды, ал құтқарушылар су үстінде тәулік бойы кезекшілік етеді. Маусым басынан бері 150-ден астам профилактикалық рейд өткізілді.
Мирас Төлебаев туристерді курорттық бағыттарға тарту жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті. Үкімет Жетісу облысындағы Алакөл көлінің қоршау бөгетін салуға үш миллиард теңге бөлді.