Каспий теңізінің жағасындағы демалыс.
Каспий теңізі— Еуропа мен Азияның арасында орналасқан, Қазақстанның батыс бөлігін шайып жатқан әлемдегі ең ірі тұйық су айдыны. Комсомолец, Маңғышлақ (Маңғыстау), Кендірлі, Қазақ, Қара-Бұғаз-Гөл секілді көптеген ірі шығанақтар, сондай-ақ аралдар осы өңірдің туризмінің дамуына ықпал етеді. Ақтау — Қазақстанда теңіз жағасында орналасқан жалғыз қала. Жазда мұнда температура шілде мен тамызда +24 +26 C-қа жетеді, абсолюттік максимум +44 C, ал жағажай маусымы
мамырдан қыркүйекке дейін созылады. Сол жерде, жылы теңіз шығанағының жағасында — толыққанды демалыстың барлық жағдайы бар. Каспий теңізінің жылы көгілдір шығанағына маусым ішінде ондаған мың турист ұмтылады. Ақтау қаласының өзін Қазақстандағы ең қымбат қалалардың бірі деп атайды. Сондықтан егер сіз жазды Каспий жағасында өткізуді шешсеңіз, Ақтауда қонақүйлерге орналасуға болады, бірақ келушілердің көпшілігі пәтер жалдауды жөн көреді. Тәуліктік тұру құны – 5000 теңгеден жоғары.
Қала шегінде «Шағала» («Чайка») санаторий-профилакторийі орналасқан. Санаторий демалушыларға тұру үшін ыңғайлылықтары бар бір-екі орындық нөмірлерді, қысқы бақ үлгісіндегі демалыс залын, бейне залды ұсынады. Емдеу ванналар, шаю және жуу түрінде, хлорлы-натрийлі минералды бұлақтарды пайдалана отырып жүргізіледі; емдік шаралар: электржарықпен емдеу; жылумен емдеу (парафинмен озокерит); емдік душ (Шарко, циркулярлық, көтерілмелі); сауна, барлық түрдегі массаж және емдік теңіз ауасымен ұштастырылған ингаляциялық шаралар асқазан-ішек; гинекологиялық; тірек-қимыл аппаратының (остеохондроз, артрит, невроздар, радикулиттер); тыныс жолдары ауруларын;
тері ауруларын емдеуге көмектеседі. Санаторий мынадай мекенжайда орналасқан: Ақтау қаласы, 1 ықшамаудан, жағалау аймағы.
- «Эконом класс» 36 нөмірлік «Теремки» қонақүйі, оның 28-і — екі орындық және 8-і — үш орындық нөмірлер;
- Әкімшілік корпустағы 5 «Жартылай люкс» нөмірлі қонақүй, 14 «Жартылай люкс», 2 «Люкс» класты және 2 «Президенттік» нөмірге арналған «Stigl» қонақүйі; 3 стандартты саунадан, бір VIP саунадан тұратын «Теңіз саунасы»;
- құрамында үлкен жүзу бассейні мен жылытылатын балалар бассейні, екі сауна, Фито монша, Фито БАР, жаттығу залы, массаж кабинеттері, косметология кабинеті бар SPA – Орталық;
- боулинг, баскетбол, волейбол, мини-футбол, үлкен теннис бар спорт орталығы;
- 6 кәсіби үстелі бар бильярд залы.
- Теңіз жағасынан 100 метр жерде, пирсте монша орналасқан, бұл бірден теңізге шомылуға мүмкіндік береді.
- Сондай-ақ келушілердің қызметінде сауна мен фитоорталық бар. Мекенжайы; Ақтау қаласы «Жылы жағажай» ауданы «Stigl» СОРЦ.
Туристердің сүйікті демалыс орындарының бірі — «Кендірлі» курорты. Кендірлі курорты — Ақтау қаласынан 210 шақырым жерде, Каспий теңізінің таяз шығанағында орналасқан қазіргі заманғы сәулет кешені. Жаңаөзен қаласынан оңтүстікке қарай 70 шақырым (Автожол: Ақтау-Жаңаөзен-Кендірлі). Кендірліде толыққанды демалуға барлық жағдай бар, орталық бөлігінде
қонақүй нөмірлері, сауна және жабық бассейні бар ғимарат орналасқан. Жайлы әрі қонақжай бір қабатты коттедждер мен екі қабатты
жастар коттедждері бар. Үлкен теннисті ұнататындар үшін демалыс аймағының аумағында — синтетикалық жабыны бар теннис корттарының алаңы. Демалушылардың қызметінде сауналар, бильярдтар, жаттығу залдары, бейне зал, би алаңы, футбол және жағажай волейболы алаңы, жазғы бассейн, желкенді яхталар, су велосипедтері бар. Сауықтыру кешенінің ғимаратында боулингі мен қысқы бағы бар мейрамхана орналасқан.