Туризм

Аппақ демалыс кезі?

Жақындарыңызға қыста табиғат аясында ұмытылмас демалыс сыйлаңыз! Бұл балалармен бірге бүкіл отбасылық демалыс немесе сүйіктіңізбен романтикалық демалыс, не достармен демалыс болуы мүмкін. Демалыс…

2 желтоқсан 2014 · 20:07·Оқу: 3 мин

Аппақ демалыс кезі?
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·2 желтоқсан 2014

Жақындарыңызға қыста табиғат аясында ұмытылмас демалыс сыйлаңыз! Бұл балаларымен бірге бүкіл отбасылық демалыс немесе сүйіктіңізбен, не достарыңызбен романтикалық демалыс болуы мүмкін. Қала ыңғайлылығынан гөрі қарапайымдылықты жөн көретіндер үшін табиғаттың әсем бір бұрышындағы, демалыс базасындағы демалыс — қала ыңғайлылығын көркем табиғат пен таза ауаға сәтті алмастыруға болады. Қаладағы өмірдің әбігерінен алыс болу, табиғатпен оңаша қалу дегеніміз — күш жинау және BqmAyоң энергияға толу! Тыныштық пен бейбітшілікте таптаза қарды кешіп жаяу серуендеу, ал егер таңдауыңыз қарағайлы орманда орналасқан демалыс үйіне түссе, шипалы ауамен тыныстайсыз. Өйткені мұндай ормандағы ауа операция бөлмесіндегіден де таза. Мұндай жерлерде тыныс алу жеңіл, көңіл-күй мен денсаулық жақсарады, иммунитет нығаяды, себебі қарағай ауасы эфир майлары мен шайырларға қаныққан. Қылқан жапырақты терапия — мыңжылдықтар бойы сыналған көптеген аурулармен күресудің, сондай-ақ оларды дер кезінде алдын алудың тәсілі. Қарағай ауасы — жүйке ауруларын емдеудің сенімді құралы әрі тамаша табиғи антидепрессант. Қарағайлы орманда серуендеп, қылқанның шайырлы иісін жұтқан адам жан тыныштығына, ішкі үйлесімге қол жеткізеді, күнделікті уайымнан арылады. Қарағай қылқанынан жасалған ванналар жүйке ауруларында тамаша құрал екені бұрыннан белгілі. Бақытымызға орай, қарағай оазистері тек тундра мен тайгада ғана емес, біздің Қазақстанда да бар.

Мұндай демалыс үшін Шығыс Қазақстанның демалыс базалары және Солтүстік Қазақстанның кейбір демалыс базалары өте қолайлы. Қыста белсенді демалысты ұнататындар үшін Қазақстанда жеткілікті тау шаңғысы базалары жарайды. Қар жауысымен жүгіру шаңғысының маусымы ашылып, тау шаңғысы курорттары жұмысын бастайды. Жүгіру шаңғысын сүйетіндер аймақтың ең көрікті жерлерінің қасынан өтетін тармақталған шаңғы трассалары бар тау шаңғысы базаларын таңдағанды жөн көреді. Қажет болса, жүгіру шаңғысын жалға алуға болады. Неғұрлым экстремалды демалысты қалайтындар снегоходтармен тартымды сафариге аттана алады. Қазақстанда көлдерде орналасқан демалыс базалары бар. Қатып қалған көл бетінде снегоходпен, шаңғымен сырғанауға немесе қар табанмен жүруге болады. Мұз астынан балық аулауды сүйетіндерді мол олжа күтеді. Атпен серуендеуді ұнататындарға көптеген базалар қысқы орман мен ауыл табиғаты бойынша атпен экскурсиялар ұсынады.

Пікірлер