Қыс — таңғажайып жыл мезгілі, ол өзінің қуаныштарын алып келеді: ашық аязды ауа райында, тыныш қар жауып, көше айналасы аппақ болғанда, қардан мүсіндер жасаған жақсы, сонда сіз өзіңіздегі мүсінші қабілетін байқап таңғаласыз. Отбасыны бірлескен демалыс пен ойындай ешнәрсе жақындастырмайды, әсіресе балаларыңыз әлі кішкентай болса. Бірге шана тебетін төбешік салыңыз — бұл қызық әрі пайдалы. Балалық шағыңыз бен ойнаған ойындарыңызды есіңізге түсіріңіз, сөзсіз сіздің
балаларыңызға да қызық болады. Ал егер балаларыңыз достарымен көбірек ойнайтын жаста болса, таза ауада қар домалатып ойнау оларға пайдалы. Қарда өзінің ізін көру үшін әдейі қар үйіндісіне құламаған кім бар? Ал қарда сурет салып көрдіңіз бе? Ал «із кезу» ойынын ойнадыңыз ба? Байқап көріңіз — бұл тек кіші жастағы балаларға ғана емес, сізге де ұнайтыны сөзсіз. Ал егер сізге сәт түсіп, табиғаттың өзі төбешік қамдап қойған жерде тұрсаңыз, онда төбешіктен тек шанамен ғана емес сырғанауға болатынын білетін шығарсыз — мұнда қиял шарықтасын! Егер сіз қала тұрғыны болсаңыз, қалаңызда мұз қалашығы салынған болуы мүмкін. Онда төбешіктен сырғанауға, қызықты қар мүсіндеріне сүйсінуге және достарымен таза ауада уақыт өткізуге болады. Немесе достарыңызбен үй ауласында қамал салып көріңіз. Аяз бен суықты ұнатпайтындар жыл бойы жылы ауа райы сақталатын аквапаркте демалуға болады. Бірақ қозғалғанда — жүргенде, жүгіргенде, шана тепкенде — тоңу мүмкін емес! Аяздың дәрмені жоқ!
Бүгінде көптеген қалаларда мұз сарайлары немесе ашық аспан астындағы мұз айдындары бар, онда коньки сүйер қауым өз арманын жүзеге асырып, көңілдері қанғанша сырғанай алады, өйткені қазір каникул! Ал мүмкін дәл осы қысқы каникулда сіз алғаш рет конькиге тұрып, мұз үстінде алғашқы қадамдарыңызды жасайтын шығарсыз. Қыс — хоккей ойнауды үйренуге де ең қолайлы уақыт. Біреу шаңғы тебу үшін қысты асыға күтті. Мүмкін сіз жаныңызда орман орналасқан жерде тұратын шығарсыз. Ендеше бүкіл отбасымен орманға серуенге шығуды ойластыратын кез келді. Әрине, мұндай демалысқа шығармашылықпен қарау керек, мысалы, жылы киіну керек, өйткені мұндай серуен бір сағатқа есептелмегені сөзсіз, және өзіңізбен бірге бутерброд пен термоста шай алу міндетті, шай шөптерге қайнатылса жақсы. Қиял қосып, орманда «із» ойынын ойнауға болады — мұндай ойын орман тұрғындарының іздерін шешуді көздейді. Мұндай серуен сізге зор ләззат сыйлайтыны сөзсіз. Табиғаттың өзі бізге қыста демалу мен көңіл көтерудің көп мүмкіндігін береді. Қыстағы демалыс сізге ләззат сыйлауы үшін тек бастамашыл болу керек және көп ақшаның болуы міндетті емес.