Туризм

Қысқы демалыс: демалысқа қайда бару керек? Қазақстан

Қысқы демалыс: демалысқа қайда бару керек? Қазақстан. Қысқы демалыс — өзгеріске себеп. Оқу жылының жартысы өтті, енді мектеп … ауыстырғың келеді…

2 қараша 2014 · 19:55·Оқу: 3 мин

Қысқы демалыс: демалысқа қайда бару керек? Қазақстан
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·2 қараша 2014

Қысқы демалыс: Демалысқа қайда бару керек? Қазақстан

Қысқы демалыс - өзгерістерге себеп. Оқу жылының жартысы өтіп те кетті, мектеп ортасын мерекелік ортаға ауыстырғың келеді, әрі мұндай ой еңбегінен кейін демалыс қажет-ақ. Қысқы демалысқа қайда баруды асығыс іздеп жүрмеу үшін, демалыс орындарын дәл қазір іздей бастаған жөн. Бақытымызға орай, Қазақстанда баратын жер жетерлік, тек демалыс түрін таңдап алу керек.

Қысқы курорттар

  • Қазақстанда уақытты көңілді әрі қызықты өткізу үшін тау шаңғысы кешендері жеткілікті. Сізді қысқы спорт түрлері, қыста атпен серуендеу, турлар және басқа да көптеген нәрсе күтіп тұр. Шанамен, шаңғымен, сноубордпен таудан сырғанау. Сондай-ақ кешендердің аумағындағы қонақ үй нөмірлерін брондауға болады. Көбіне кешеннің жанынан пәтер де жалдайды. Қалай болғанда да, егер сіз тау шаңғысы курорттарында демалсаңыз, сізді ұмытылмас әсерлер күтіп тұр.
  • Кішірек балалар үшін балалар лагерьлері бар, онда сіздің балаларыңыз құрбыларының ортасында уақытты жайлы өткізіп, олардың арасынан жақсы дос тауып, көңілді демала алады. Қазақстанда ағылшын тіліндегі лагерьлер де жұмыс істейді, онда сіздің балаңыз пайдалыны жағымдымен ұштастырады. Тек жолдамаларды алдын ала брондау керек.
  • Білуге құмар балалар үшін Қазақстан бойынша экскурсиялық тур ұйымдастыруға болады. Мұндай турға бүкіл отбасымен баруға немесе жасөспірімді достарымен жіберуге болады. Бұл біздің еліміздің тарихына, мәдениетіне т.б. қызығатындар үшін.

Соңғы кездері жаңа жылдық демалыс ата-аналардың демалыс күндерімен сәйкес келеді, сондықтан бүкіл отбасымен баруға болады.

Ал жазғы демалыс үшін мыналарды таңдауға болады: Қазақстан өзендері,Қазақстан көлдері,Қазақстан теңіздері

Пікірлер