Алматыда болып, Медеуге бармау мүмкін емес. Қаладан бірнеше шақырым жерде сізді биік таулы Медеу мұз айдыны күтіп тұр."Медеу" — теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте, Медеу тау шатқалында салынған спорт кешені. Оның ауданы 10 мың шаршы метрді құрайды.Медеу — қысқы спорт түрлеріне арналған әлемдегі ең ірі биік таулы кешен, қазіргі уақытта ол ең жоғары әлемдік стандарттарға сай келеді. Шатқалдағы жұмсақ климат, күн радиациясының оңтайлы деңгейі, төмен атмосфералық қысым — осының бәрі мұз айдынының кеңінен танымал болуын қамтамасыз етеді.Мұзды қатыру жүйесінің әлемде баламасы жоқ және мұз айдынының мұз бетін жылына 8 ай бойы сақтап тұруға мүмкіндік береді. "Медеу" қазаннан мамырға дейін жұмыс істейді.
Экономика
«Медеу»
Алматыда болып, Медеуге бармау мүмкін емес. Қаладан бірнеше шақырым жерде сізді биік таулы Медеу мұз айдыны күтіп тұр. «Медеу» — спорт кешені,…
25 тамыз 2014 · 11:21·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·25 тамыз 2014