Лоттың бастапқы бағасы — 26,269 млн теңге. Автокөліктің кузовы зақымдалған: сол жақ есік, сол жақ айна, жүргізуші есігінің әйнегі, сол жақ қанат, бампердің бір бөлігі, табан және сол жақ фара зардап шеккен. Көліктің техникалық жағдайын тексеру мүмкін емес.
Сауда 2026 жылғы 9 шілдеде өткізіледі деп жоспарланған. Сатушы — Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.
2024 жылдың желтоқсанында Перизат Қайраттың ұсталуынан кейін Қаржы мониторингі агенттігі оның элиталық жылжымайтын мүлкі, автокөліктері және зергерлік бұйымдарының тәркіленгені туралы хабарлады. Сол кезде жарияланған бейнеде осы 111 KPK 01 нөмірлі Mercedes-Benz EQE 500 4Matic те көрсетілген.