Жаңалықтар

Тоқаев ЕАЭО басымдығын айқындады — цифрлық іргетасты нығайту

Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында президент технологиялар мен жасанды интеллектіні еуразиялық интеграцияның негізгі катализаторы деп атады.

29 мамыр 2026 · 12:10·Оқу: 2 мин

Тоқаев ЕАЭО басымдығын айқындады — цифрлық іргетасты нығайту
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·29 мамыр 2026

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысында сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО мемлекеттері үшін басым міндетті айқындады.

Мемлекет басшысының айтуынша, интеграцияның цифрлық іргетасын нығайту орталық бағыттардың біріне айналуда. Цифрландыру мен жасанды интеллектіге негізделген жаңа технологиялық уклад жағдайында ол деректерді өңдеу жылдамдығын, автоматтандыру деңгейін және инновацияларды енгізу тереңдігін шешуші факторлар деп атады.

«Сарапшылардың бағалауы бойынша, жасанды интеллект технологияларына салынатын әлемдік инвестиция бір триллион доллар белгісінен асып үлгерді. Алдағы онжылдықтарда олардың жаһандық экономикаға қосатын жиынтық үлесі еселеп өсіп, 7 триллион доллардан асады деп күтілуде. Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуда», — деп мәлімдеді Тоқаев.

Президент цифрлық трансформация барлық саланы — өнеркәсіп пен логистикадан бастап ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік басқаруға дейін — қамтитынын атап өтті.

Пікірлер