Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысы өтті, онда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлемдік IT саласындағы беделді мәртебесі туралы пікір білдірді.
Мемлекет басшысы ЕАЭО елдерінің жасанды интеллектіні жауапты дамыту туралы бірлескен мәлімдеме қабылдағанын хабарлап, мұны тараптар ұстанымдарының бірлігінің маңызды дәлелі деп атады.
«Осы саладағы белсенді өзара ісқимылымызға сенім артамын. Бірлескен күш-жігерді басым бағыттарға шоғырландыру маңызды. Біріншісі — еуразиялық интеграцияның цифрлық іргетасын нығайту. Жаңа технологиялық укладта деректерді өңдеу жылдамдығы, автоматтандыру деңгейі және инновацияларды енгізу тереңдігі негізгі факторға айналады. Сарапшылардың есебі бойынша, жасанды интеллектіге салынатын әлемдік инвестиция 1 триллион доллардан асып үлгерді», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Болжамдар бойынша, алдағы онжылдықтарда осы технологиялардың әлемдік экономикаға қосатын жиынтық үлесі бірнеше есе өсіп, 7 триллион доллардан асады.