Облыс прокуратурасы алимент қарызын өндіру жұмыстарының нәтижелері туралы хабарлады. Осы кезеңде борышкерлерден пәтер, екі жер учаскесі және екі автокөлік тәркіленді.
Табыстарын жасырған 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 15 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жұмысқа орналасуға көмектесу мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Оның қорытындысы бойынша 33 борышкер тұрақты жұмысқа шығуға дайын, тағы 18 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.
Прокуратура органдары балалардың құқықтарын қорғау шараларын жалғастыратынын мәлімдеді.