Күндіз өңірдің көп бөлігінде температура 40–45 градусқа дейін көтеріледі, ал оңтүстікте — 47 градусқа дейін. Түнде термометр бағаналары 28–33 градусты көрсетеді.
19–20 шілдеден бастап ыстық біртіндеп төмендей бастайды. Облыстың солтүстігі мен орталығында осы күндері жел 15–20 метр секунд жылдамдықпен соғады және шаңды дауыл болады.
«Қазгидромет» филиалы бөлімінің басшысы Айгерим Жокелованың айтуынша, облыста осындай жоғары температура 2023 жылы тіркелген.
Бұған дейін Шымкентте күн астында ауа 66 градусқа дейін қызған.