Тамыздағы тестілеу ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсуді жоспарлап отырғандарға арналған. Өткен ҰБТ-ға қатысушылар, шекті балл жинай алмағандар, қайтадан сынап көре алады. Тіркелу кезінде бейіндік пәндер жинағын ауыстыруға рұқсат етіледі.
Тестілеу өткізу пункті, күні мен уақытын талапкерлер өз бетінше таңдайды.
Тамызда ҰБТ тапсыруға мектеп пен колледж түлектері, қандастар, шетелдік мектеп түлектері, шығармашылық бағдарламалардан басқа бағыттарға немесе педагогикалық мамандықтарға ауысатын студенттер, сондай-ақ былтырғы жылы ақылы негізде ЖОО-ға қабылданғанымен шекті балл жинай алмағандар құқылы.
Колледж түлектері өз мамандығы бойынша ақылы негізде оқу үшін қабылдау комиссиясында өткізілетін әңгімелесудің қорытындысы бойынша түсе алады.