Туризм

Астана. Астанада демалу

Астанада қайда демалуға болады. Егер Астанада қайда демалуға барсам деген сұрақ туындаса, «Думан» ойын-сауық орталығының океанариумына баруға болады. Сіздің…

17 қыркүйек 2014 · 18:07·Оқу: 3 мин

Астана. Астанада демалу
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·17 қыркүйек 2014

Астанада қайда барып демалуға болады.

Егер сізде Астанада қайда барып демалу керек деген сұрақ туындаса, онда «Думан» ойын-сауық орталығының океанариумына баруға болады. Сіздің назарыңызға күн сайын өтетін шоулар ұсынылады: «Акулаларды тамақтандыру» шоуы сағат 15.00 және 20.00-де

«Су перісі» шоуы 12.00, 14.00, 16.00, 18.00 және 20.45-те

«Теңіз тереңдігінің билері» шоуы әр жексенбіде сағат 16.00-де
«Думан» ойын-сауық кешені Астананың сол жағалауында орналасқан. Қызығы сол, мұндай океанариум ТМД аумағында бұдан басқа жоқ, сондай-ақ ол мұхиттан 3000 км қашықтыққа алыстатылған әлемдегі жалғыз океанариум. Океанариумдағы судың көлемі 3 миллион литрді құрайды, 120 тонна теңіз тұзы пайдаланылған. Океанариум тұрғындары — әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі теңіз фаунасының өкілдері. Сізге су асты әлемінің барлық сұлулығын таңғажайып теңіз тұрғындарымен бірге көру мүмкіндігі беріледі. Мұнда сіз балықтардың орасан зор алуандығын ғана емес, сонымен қатар теңіз тасбақаларын, актинияларды, теңіз жұлдыздарын көресіз, мұнда улы зебра-балықтар, муреналар, кірпі-балықтар сияқты қауіпті балықтарды да кездестіруге болады. Океанариум келушілері, мысалы, теңіз төлдерін тамақтандыру процесін бақылай алады. Акулаларды күніне екі рет тамақтандырады, ол үшін қызықты әрі өте қауіпті трюкті көрсету мақсатында океанариумға арнайы сүңгуірлер түседі. Океанариум — су асты әлеміне сүңгудің бірегей мүмкіндігі. Океанариум бойымен серуендеу сіз үшін де, балаларыңыз үшін де қызықты ғана емес, танымдық та болады.

Пікірлер