Министрдің сөзіне қарағанда, цифрландыру туризмді дамытудың негізгі бағыты болып қала береді. Шашыраңқы ресурстарды жасанды интеллекті бар бір порталға біріктіру жұмыстары жүргізілуде.
Портал сегіз тілде жұмыс істейді. Онда оқиғалар күнтізбесі, туристерге арналған жарияланымдар, фото банк және ел нысандары бойынша 3D-турлар пайда болады.
eQonaq жүйесі
Параллельді түрде туристік ағындарды есепке алу және мониторингтеу үшін eQonaq ақпараттық жүйесі дамытылуда. Онда 900 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Жүйе ағымдағы жылдың күзінде өнеркәсіптік пайдалануға енгізіледі.
KazTuristBot
Бұған дейін жасанды интеллект негізіндегі KazTuristBot-ты іске қосу жарияланған болатын. Чат-бот жеке ұсыныстар береді, сапарларды жоспарлауға көмектеседі және тәулік бойы жұмыс істейді.