Жиыннан кейін баспасөз конференциясы өтеді. Оған туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, экология вице-министрі Нуркен Шарбиев, Kazakh Tourism Development бас атқарушы директоры Ержан Еркинбаев және KazakhTourism басқарма төрағасы Талғат Ғазизов қатысады.
Туризм министрлігінің мәліметі бойынша, 2025 жылы қонақ үйлер мен басқа орналастыру орындарындағы туристер саны 12%-ға өсіп, 10 млн адамнан асты. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық индексінде 66-орыннан 52-орынға көтеріліп, топ-50-ге кіруге ниетті.
Салаға инвестиция көлемі бір жылда 32%-ға өсіп, 1 трлн 254 млрд теңгеге жетті. «Ой-Қарағай» тау курорты, Hilton және Mandarin Oriental қонақ үйлері, «Жібек жолы» ойын-сауық кешені және Keruen Inn жол бойындағы қызмет көрсету нысандары желісі қоса алғанда, 328 инвестициялық жоба жұмыс істеп тұр. Олардың іске асырылуы шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.