2026 жылғы әлем чемпионаты үш елдің 16 қаласында өтеді: екеуі Канадада, үшеуі Мексикада және 11-і АҚШ-та. Қалалар үш кластерге бөлінген: Батыс (Ванкувер, Сиэтл, Сан-Франциско, Лос-Анджелес), Оңтүстік (Мехико, Гвадалахара, Монтеррей, Хьюстон, Даллас, Канзас) және Шығыс (Торонто, Бостон, Филадельфия, Нью-Йорк, Нью-Джерси, Майами, Атланта).
Матч билеттері
Турнир матчтарының билеттерін Ticombo және TicketKosta платформалары арқылы қайталама нарықтан сатып алуға болады. Топтық кезең ойындарының бағасы 180 доллардан басталады. Финал билеттерінің құны бірнеше мың долларға жетеді, ал VIP-пакеттер ондаған мың долларға бағаланады.
Виза
Қазақстан азаматтары АҚШ-тағы матчтарға бару үшін B1/B2 визасы, Канадаға — Visitor Visa, Мексикаға — туристік виза қажет. АҚШ немесе Канада визасы болған жағдайда Мексикаға қосымша рәсімдеусіз кіруге болады. АҚШ визасының консулдық алымы 185 доллар, Канадаға — 185 канадалық доллар, Мексикаға — 53 доллар.
Әуе рейсі
Қазақстан мен үй иесі елдер арасында тікелей рейс жоқ, сондықтан ұшулар ауысып жасалады. 10 маусымдағы жағдай бойынша Алматыдан эконом-класты билет бағалары мынадай: 15–18 маусым аралығында Мехикоға — 630 мың теңгеден, 6–8 шілдеде Ванкуверге — 578 мың теңгеден, 18–20 шілдеде Нью-Йоркке — 816 мың теңгеден.
Қонақ үй
10 маусымдағы жағдай бойынша бір адамға екі түнге тұру құны: Мехикода — 167 доллардан, Ванкуверде — 177 доллардан, Нью-Джерсиде — 184 доллардан басталады. Нью-Йорк аймағында финал күндері нөмірлердің 78%-ы броньдалған.
Жалпы құны
Мехикодағы Өзбекстан — Колумбия матчына бару ең аз дегенде 1691 доллар тұрады. Ванкувердегі 1/8 финал матчына бару — 1692 доллардан. Нью-Джерсидегі финалға бару — кемінде 3969 доллар. Билеттер мен тұрғын үйді неғұрлым ертерек броньдасаңыз, қорытынды сома соғұрлым төмен болады.