Туризм

Сарғыш-жасыл Язевое көлі

Язевое көлі теңіз деңгейінен 1685 метр биіктікте, Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан, көлдің ұзындығы 3 шақырымды құрайды, ені…

5 қараша 2014 · 19:44·Оқу: 3 мин

Сарғыш-жасыл Язевое көлі
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·5 қараша 2014

Язевое көлі теңіз деңгейінен 1685 м биіктікте, Қатонқарағай ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан, көлдің ұзындығы 3 шақырым, ені 800 м, тереңдігі 10 м-ге жетеді, Язевоедегі судың түсі сарғыш-жасыл, жағалаулары құм, малта тас және үлкен тастардан түзілген. Ашық ауа райында көл суларынан Белуха тауының өзінің кіші ImageJ=1.46rбауырларымен бірге шағылысын көруге болады. Көлге екі шағын атаусыз сала мен бұлақтар құяды, Язевая өзені ағып шығады, шамамен ағыс бойымен 2 шақырым төмен сарқырамалар түзілген. Көлдің шығыс жағалауында туристік база орналасқан, онда 15 адамға дейінгі топ ыңғайлы орналаса алады, орыс моншасы бар, ал балық аулауды сүйер жандардың қуанышына көлде балық бар. Көлдегі су салыстырмалы түрде жылы. Көл Белухаға және Қатын өзенінің жоғарғы ағысына (осы жерден сал жүзу басталады), Көккөл сарқырамасына және Көккөл кенішіне баратын негізгі жолда орналасқан, бұл туристер үшін қызығушылық тудырады. Қазақстан өзендері, Қазақстан жануарлары

Пікірлер