Жұмбақтас
Бурабайдың сансыз қайың мен қарағайларының арасында жарқыраған Күміскөл көлі орналасқан. Осы көлдің ортасында жартас тұр, ол тура көлдің өзінен өсіп шыққандай әсер қалдырады . Әр түрлі жақтан мұқият қарасаң, көптеген жұмбақ әрі сырлы бейнелерді көруге болады. Бір жағынан жартас қайыққа ұқсаса, екінші жағынан шашын жайған қызды еске салады. Сондықтан да халық бұл жартасты Жұмбақтас — жұмбақ жартас деп атаған болар. Халық арасында Жұмбақтас туралы аңыз сақталған.
Ертеде бір бай болыпты. Оның көп ұлы әрі жалғыз қызы болыпты. Қызы өте сұлу, ақылды және еңбекқор болыпты. Бірде олардың ауылына жас, көрікті әрі дарынды әнші келеді. Ол қызды көреді де, екеуі бір-бірін ұнатып қалады. Қыздың әкесінен үйленуге ешқашан келісім ала алмайтындарын білген олар түнде Күміскөл көліне қашады. Мұны естіген бай ұлдарына не болса да жігітті тауып өлтіруді, ал қызын үйге қайтаруды бұйырады. Ұлдары жастарды іздеуге аттанады. Олар көл жағасындағы бұталардың арасына тығылады. Ғашықтар қайықпен жағаға жақындайды. Дәл осы сәтте ағалары қарындасы мен оның сүйіктісіне тап береді. Олар жігітті өлтіреді. Сонда қайғыдан қан жұтқан қыз Алладан өзін қайығымен бірге жартасқа айналдыруын жалбарына сұрайды. Алла оның тілегін қабыл етеді де, сол сәтте қыз бен қайық тура көлдің ортасында алып жартасқа айналады. Жұмбақтас туралы аңыздардың бірі осындай. Бурабай курорты, Бурабайдағы демалыс