СПК «Тобол» тұрақтандыру қорымен жұмыс істеу департаментінің директоры Айбек Темірбеков картоп жеткізілімдері алдын ала келісімшарт жасалғанын хабарлады. Сатып алушылар үшін баға килограммына 215 теңгеден аспайды.
Бұған дейін тұрақтандыру қоры арқылы Түркістан облысынан ерте қырыққабат килограммына 92 теңгеден сатылған болатын. Тұрғындар облыстың «Солнечный», «Астықжан», «Азия», «Zetro», «City» сауда желілерінде және басқа дүкендерде жаңа картоп сатып ала алады.
Жергілікті тұрғындар бұған дейін кейбір әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жоқтығына шағымданған болатын.