Ердос Жүсіпов 1989 жылы дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар: 2011 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, ал 2023 жылы Торайғыров университетін «Computer Science» мамандығы бойынша бітірген. Жүсіпов өңірлік кадр резервінде тұр.
Еңбек жолын 2011 жылы «Шаһар Press» ЖШС-нің тілшісі болып бастаған. 2014 жылдан 2023 жылға дейін ақпараттық технологиялар саласында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2024 жылдан тағайындалғанға дейін «PetroRetail» ЖШС-нің Астана және Павлодар облысы бойынша филиалының аумақтық менеджері қызметін атқарған.
Бұған дейін Павлодар облысында әділет департаментінің жаңа басшысы таныстырылған болатын.