Туризм

Қар барысы

Қар барысы — әсем мысық тұқымдасы; асқақ, күшті әрі сымбатты бұл жыртқыш Орталық Азия тауларының бір көркі әрі Қазақстанның символы болып табылады…

18 қыркүйек 2014 · 19:27·Оқу: 3 мин

Қар барысы
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·18 қыркүйек 2014
Қар барысы

Әсем мысық, тәкаппар, күшті әрі сымбатты жыртқыш — Орта Азия тауларының бір сәні әрі Қазақстанның символы. Бұл патшалық аң — сұлулық, күш пен тәуелсіздіктің бейнесі. Қар барысының түсі әдемі — ашық, тіпті ақ түсті аяда ірі қара дақтар шашылған. Дененің төменгі жағы мүлдем ашық, дақтар жоқ. Бұл қар мысығы немесе оны тағы Ирбис деп те атайды, өз жүнімен әйгілі — жүні биік, жібектей, қалың түбіт жабыны бар әрі өте жылы. Басы едәуір дөңгелек, маңдайы дөңес, көздері үлкен — сары. Ирбис — ұзын әрі үлпілдек құйрықтың иесі, ол оған тепе-теңдік сақтауыш қызметін атқарады және мысыққа жартастарда жүру емес, тура ұшу мүмкіндігін береді. Құйрық дене ұзындығының төрттен үшін құрайды және ұрғашысы балаларымен ұйықтағанда құйрығын көрпе ретінде пайдаланады. Қар барысы Қызыл кітапқа енгізілген, себебі ол жойылып кету қаупінде, оның мекендейтін жерлері — он үш мемлекет, оның ішінде Қазақстан. Ірі мысық тұқымдастарының ішінде ол Орта Азия тауларының жалғыз тұрақты тұрғыны. Әлемдегі барыстардың жалпы саны 3000-нан 6000 особьқа дейін бағаланады, Қазақстанда олардың саны 180–200 особьты құрайды. Жабайы табиғатта қар барысы тауларда теңіз деңгейінен 1200-ден 6000 м биіктікте кездеседі, соңғы деректер бойынша қар барысы Шығыс Қазақстанға қайта оралды, Қатонқарағай ұлттық саябағында барыстың іздері табылды.

Қазақстан қасқырлары

Пікірлер