Қазақстандағы жылқылар!
Қазақстанда да, бүкіл әлемде де жылқы — адамдардың сүйікті жануары, ол адам ғашық болатын көптеген қасиеттерді бойына жинаған. Сезімдерінен ең дамығаны есту, одан кейін көру және иіс сезу. Жылқылар иесіне ерекше адалдығымен және көптеген жылқы өсірушілердің пікірінше барлық жануарлардың ішіндегі ең жақсы саналатын өте жақсы ақылымен әйгілі. Жылқылар — иесіне шалғай ауылда да, әлемнің үздік ипподромдарындағы спортшыға да қызмет ете алатын асыл жануарлар.
Жылқының денесінде әртүрлі түктер бар: бұл қысқа қалың түктер (жүн), айдар, жал мен құйрықтың ұзын түктері — ерін, танау мен көздің маңындағы сирек түктер. Жылқы шамамен 20-25 жыл өмір сүреді, 40 жасқа дейін жететін тұқымдар бар, ал рекорд — Олд Биллге тиесілі 62 жыл.
«Оның қанша жылқысы бар?» — деп сұрайтын, адамның бай не кедей екенін білгісі келгенде.Қазақстанда жылқылар шоғырланған негізгі аудандар — Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы. Бір кездері Батыс Қазақстан облысында 600 мың бас есептелген. Егер сіз ат мінуді шешсеңіз, «Лесная сказка» тау курорты атпен жорықтар, сондай-ақ ересектер мен 6 жастан бастап балаларды кәсіби түрде ат мінуге үйретуді жүзеге асырады. Толық ақпаратты мына тел. арқылы біле аласыз: Алматы қ.: 330-37-21, 8-705-188-88-28 Қазақстандағы жылқылар tr-kazakhstan.kz