Қасқыр — ақылды, күшті әрі батыл жыртқыш, ақылы мен айлакерлігі жөнінен түлкіден әлдеқайда асып түседі. Сырт келбеті жағынан кәдімгі қасқыр овчаркаға ұқсайды, жүнінің түсі негізінен ашық сұр. Қазақстанда қасқырлардың саны 40 мыңнан асады, бүгінде Қазақстан — қасқырлардың тығыздығы ең жоғары ел. Қазақстанда қасқырлар кең тараған. Жазда ұрғашылары екі ай буаздықтан кейін 6-дан 14-ке дейін күшік туады. Қасқырлардың орташа өмір сүру ұзақтығы 15-16 жыл. Қасқырлар әлеуметтік жануарлар, сондықтан негізінен
топ-топ болып тіршілік етеді. Аң аулағанда да топтасып, әсіресе ірі жануарларды аулайды; мәселен, киік аулау қасқырлар үшін әдеттегі шаруа — олар киіктерді тік беткейлі жыраларға қуып апарып, сол жерде олжасын алады. Қасқырлар киіктерге тосқауыл құрып, қуалап аулайды, сондай-ақ қоян, суыр, борша тышқан секілді ұсақ жануарларды да аулайды. Бірақ кейде қасқырлар Қазақстан тұрғындарына көп қолайсыздық та әкеледі. 2012 жылы Шығыс Қазақстанда қасқырлар әбден қаптады! Аш жануарлар жергілікті шаруа қожалықтарына орасан зор зиян келтірді. Сол жылы Батыс Қазақстан облысының Есенсай ауылында қасқыр зейнеткерге өз үйінің ауласында тап берген. Қасқыр басын жүйелі түрде атып азайтып отырғанмен, олардың саны жыл сайын арта береді. Зоолог ғалымдардың пікірінше, қасқыр саны 10 мыңнан аспауы тиіс. Сондықтан ҚР-да қасқыр атуға жыл бойы рұқсат етілген. Қазақстанда қасқырға коммерциялық негіздегі аң аулауды Алматы, Астана және Шымкентте «SILKTOUR» туристік агенттігі ұйымдастырады. Қазақстанда қасқырдың тағы бір бірегей түрі — қызыл қасқыр бар. Ол шағын қасқыр көлемінде,
аяқтары едәуір ұзын әрі сымбатты, жүнінің түсі сарғыш-сұрдан қанық қызғылт-қоңыр-сарғыш түске дейін болады,
құйрығы өте қалың әрі ұзын. Қызыл қасқыр да өз тектестері сияқты өжет жыртқыш атанған. Қасқырдың
күші мен өжеттігі, айлакерлігі мен қомағайлығы, сақтығы осы аңның мінезінде аса ерекше қоспа қалыптастырған. Қазақстанда мұндай сұлуды Талас, Іле, Жоңғар Алатауы және Оңтүстік Алтайдың басқа да жоталарының биік таулы аймағынан кездестіруге болады. Қызыл қасқыр таудың биігінде тіршілік етеді, сондықтан да ол адамның
көзіне сирек түседі. Қазақстандағы қасқырлар туралы тағы айта кететін жайт — Қазақстан тұрғындары оларды өз мүлкін
күзету мен қорғау үшін жиі сатып алатын болды. Бірақ мұндай күзетшіні асырау қымбатқа түседі, өйткені қасқырдың рационына
ет міндетті түрде кіруі керек. Жыртқыш дегеніңіз — жыртқыш!
Туризм
Қазақстандағы қасқырлар
Қазақстандағы қасқырлар. Қасқыр — ақылды, күшті әрі батыл жыртқыш, ақыл-айласы жағынан түлкіден әлдеқайда асып түседі. Сырт келбеті жағынан кәдімгі қасқыр…
10 қазан 2014 · 20:12·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·10 қазан 2014
Қазақстандағы қасқырлар.