Сайрам қаласы, оны Испиджаб деп те атайды, Ұлы Жібек жолындағы ең көне мекендердің бірі. Ол Шымкент қаласынан 10 шақырым шығысқа қарай орналасқан, орта ғасырлар дәуіріне жатады және (IX–XII ғасырлар) кезеңімен белгіленеді. Қолайлы географиялық орналасуының арқасында ол исламды басқа жерлерге таратудың орталығына айналды. Бұл қалада исламдық
әлемнің құрметті тұлғалары дүниеге келді, мәселен: Ахмет Ясауи, Ю. Сареми, Ахмет және Камалиддин Исфиджаби, Қ. Байзауи және басқа да көптеген адамдар. Испиджаб қаласы Шығыс пен Батысты байланыстырған әйгілі сауда арнасы — Ұлы Жібек жолының бай тарихының куәгері болды, Шығыстың ең әдемі қалаларының бірі саналып, Ақ қала деп аталды. Қала өзінің тарихи жолында бірнеше рет қирауға ұшырады, мәселен 1884 жылы ол түбегейлі қиратылды. Бірақ біздің заманымызға дейін сақталып қалған санаулы ғимараттардың өзі назар аударуға тұрарлық, өйткені бұл орта ғасырлық Азияның гүлдену дәуіріндегі тамаша
сәулет ескерткіштері. Сайрам қаласы XII ғасырға жататын Базалақ-ата мешітінің мұнарасы, Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты екі кесене, Жоңғар шапқыншылығынан кейін салынған ғибадат құрылыстары секілді тарихи жәдігерлермен заңды түрде мақтана алады. Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде Испиджаб қаласы бастапқы нүкте саналып, маңызды сауда орталығының мәніне ие болды. Қалада негізінен қолөнершілер тұрды және жергілікті қолөнершілер шығарған өнім бүкіл әлемге таратылды, әсіресе мұндағы киіздер ерекше бағаланды. Керамикадан, шыныдан және мыстан жасалған көптеген басқа да бұйымдар сұранысқа ие болды, оларды Бұхара, Мерв және Самарқанд көпестері сатып алатын. Бүгінде Испиджаб ауыл түрінде, әрі Сайрам деген атауды иеленеді. Сайрам тек діндар адамдар үшін ғана емес, ежелгі тарихқа қызығатындар үшін де қызықты, өйткені ол өзіндік ашық аспан астындағы мұражай болып табылады.